Қызылорда облысы Шиелі ауданының Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайына «Алтын адам» жәдігері әкелінді. Бұл жұмыстар Астана қаласындағы Ұлттық музей ұжымының бастамасымен қолға алынған «Тұғырлы тарихи тұлғалар» жобасы аясында жүзеге асып отыр.
Аудан басшылығы мен музей директорының ұсынысы нәтижесінде Шиеліге «Алтын адам» жәдігері жеткізілді. Ұлттық музейдің бастамасымен қолға алынған жобаға еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі де қолдау білдірген. Ұйымдастырушылар ғасырлар қойнауынан сыр шерткен құнды мұрамыз алғаш рет аймақтарға жол тартқанын жеткізді. йБіздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген сақ ханзадасының алтынмен апталған бейнесі бүгінде тәуелсіздігіміздің ең басты нышандарының біріне айналып үлгердій,- дейді Ыбырай Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайының директоры Құттықыз Ыханова.
«Алтын адам» жәдігері біздің дәуіріміздің үздік үлгісі. Оның бойындағы сан түрлі зергерлік белгілер мен айшықтар ұлы дала тарихының тынысын танытқандай. Шара соңында көпшілік назарына №149 орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен әдеби-сазды бағдарлама ұсынылды.
Балауса ҚАСЫМХАН
Kaznews.kaztrk,kz