Астанада «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» деген атаумен көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» деген атаумен көрме өтті

27.06.2023

28 маусым - БАҚ қызметкерлері күніне орай Астанада «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» деген атаумен көрме өтті. Шара үш бөлімнен тұрады. Бірі - қазақ баспасөз тарихының даму жолына, екіншісі - радиожурналистикаға, үшінші бөлім - Қазақ телевизиясына арналды. Мәселен, дәл мына газеттің басылып шыққанына 109 жыл өткен. Басылым 1914 жылы Орынборда жарық көрген. Бүгінгі күнге жәдігер ретінде жеткен өзге де құнды дүниелер көрмеге қойылды.

Шараға БАҚ саласында еңбек еткен ардагерлер, саланың мамандары арнайы шақырылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ең алғашқы газет 1913-ші жылы 2 ақпан күні шыққанын еске салды. Алдағы уақытта бұл күнді -- Ұлттық баспасөзінің күні ретінде белгіленетінін жеткізді.

Дархан Қыдырәлі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Тарих дегеніміз ол тек біздің жүріп өткен жолымыз емес, біздің болашағымыз. Сондықтан, біз журналистер күні қарсаңында қазақ журналистикасының жүріп өткен қазақ газетінің, алаш қайраткерлерінен бастау алатын мұражайды жасауды ұйғарған болатынбыз. Бұлар бүгінгі күннің журналистеріне жалпы жас ұрпақтың журналистикаға деген қызығушылығын оятады деген сенімдеміз.

Сауытбек Абдрахманов, ардагер журналист:

Бүгінгі шара біздің жүрегімізге ерекше жақын шара. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып келгеннен кейін көп ұзамай осы мерекені дербес мереке етіп шығарды. Осы арқылы Қазақстандағы БАҚ қайраткерлерінің беделі көретіле түсті. Журналистиканың қоғамдағы орны айшықтала түсті.

Хабарламаларға жазылу