Түркияда құрбандыққа шалынатын мал бағасы екі есеге қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда құрбандыққа шалынатын мал бағасы екі есеге қымбаттаған

27.06.2023

Түркияда да, құрбандыққа шалынатын мал бағасы былтырғымен салыстырғанда екі есеге жуық қымбаттаған. Теңгеге шаққандағы ірі қара малдың құны шамамен 1 млн мен 2,5 млн теңге аралығында. Дегенмен, Ыстамбұлдың мал базарларында сауда қызып тұр. Жалпы, Түркияда қасиетті Құрбан айт ең атаулы мереке. Сондықтан, биылғы мейрамда түркиялықтар 9 күн демалады. Мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының барлығы каникулға шығады. Түркияда осы демалысты пайдаланып, туған жеріне барып, ата анасының батасын алу дәстүрі бар. Миллондаған адам бір мезгілде жолға шыққандықтан, қалааралық трассаларда көлік кептелісі көбейген.

Мехмет Демир, Стамбұл қаласының тұрғыны:

Жаңа ғана құрбандық малымызды сатып алдық. Бағасы қымбаттау, дегенмен жыл сайын құрбан шалу отбасылық дәстүрімізге айналғандықтан бағасына қарамастан алдық. Баршаңызды құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу