Қазақстандықтар соңғы үш жылда құмар ойындарға трлн теңге жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар соңғы үш жылда құмар ойындарға трлн теңге жұмсаған

27.06.2023

Қазақстандықтар соңғы үш жылда құмар ойындарға триллион теңге жұмсаған. Ал онлайн казинолар мен букмекерлік кеңселерге бір адамның қарызы 10 млн теңгеден асады. Бұл Мәжіліс депутаттары келтірген дерек. Руслан Берденовтің сөзінше, бүгінде 7 казино мен 30 букмекерлік компанияның ғана лицензиясы бар. Ал қалған ақшалай ұтыс ойындары ресми тіркелмеген. «Лудоманияның кесірінен суицид жиіледі», - дейді депутат. Былтыр құмар ойынынға әуес 700 адам өз-өзіне қол жұмсапты. Депутаттар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолардың қызметіне тыйым салуды талап етеді.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу