Петропавлда лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара беріп, мемлекет қаржысын жымқырған кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты.
2021 жылы Мамлют, Есіл және Уәлиханов аудандарында жолдарды жөндеумен айналысқан «Авеон-Север» серіктестігің директоры Вячеслав Старухин атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою үшін бірнеше рет пара берген. Сонымен қатар «Петропавл-Мамлютка» тас жолында автокөліктері кедергісіз жүруі үшін дәнекер арқылы көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлеріне ақша ұстатқан. Жол жөндеу кезінде 30 млн теңгені қалтасына басқан. Старухин 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өткереді. Пара алған мемлекеттік қызметшілерге де жаза тағайындалды.
Эльмира Кәленова