Отандық демалыс аймақтарына сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық демалыс аймақтарына сұраныс артты

27.06.2023

Алакөл, Балқаш пен Зайсан демалыс аймақтарына сұраныс бес есеге артқан. Ірі туристік агрегатордың мәліметінше, мұндай сұраныстың артуына әуежайлардың жаңғыртылуы да себеп болған. Мәселен, Алакөл көліне бару үшін Үржар жатқан да, Үшарал жағынан да әуежайлардың ұшу-қону жолақтары жөнделіп, қазір жұмыс істеп тұр. Алакөл жағалауындағы ірі қонақүйлердің қызметтерінің бағасы да арзан емес. Баға брондау уақытына да байланысты құбылып тұрады. Мәселен, маусымның басында жалға алу арзан болса, маусым қызатын шілде-тамыз айларында қымбаттай түседі.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу