Қазақстан азаматтары соңғы үш жылда құмар ойындарға 1 трлн теңге құртқан. Осылай деген Мәжіліс депутаттары лудомания кесірінен суицидтің жиілегенін айтады. Руслан Берденовтің сөзінше, бұндай оқиғалардың әрбір бесіншісі құмар ойындардың кесірінен болады. Бас прокуратураның дерегіне сәйкес, былтыр елде 157 мың қылмыс тіркелген. Оның 31 мыңына осы құмар ойындар себеп болған. Депутаттар сол себепті букмекерлік кеңселер мен онлайн казиноларға тыйым салу керек деп есептейді.
Шерхан Жамбылұлы