Ұйымдасқан қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Топ мүшелері Астана, Көкшетау, Қарағандыда есірткі сатқан. Аталған үш қалада жүргізілген арнайы операция барысында 11 қылмыскер ұсталып, тоғыз мекенжай бойынша тінту жүргізілді. Топ мүшелерінің бірі кәмелетке толмаған колледждің екінші курс студенті болып шықты. Заңсыз айналымнан үш келіден аса есірткі тәркіленді.
Қылмыстық топ мүшелерінің бірі есірткі сатылатын интернет-арналардың жұмысын қамтамасыз еткен. Сондай-ақ ол жаңа клиенттерді белсенді түрде тартумен айналысып, онлайн-конкурстар, ұтыс ойындары мен акциялар өткізген. Қазір есірткі сатқан үш интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды.
Самал Қабышева