Астанада жылу тарифін екі есе қымбаттатуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жылу тарифін екі есе қымбаттатуды ұсынды

26.06.2023

Астанада жылу тарифін екі есе қымбаттатуды ұсынды. Монополист саналатын «Астана Теплотранзит» компаниясы коммуналдық қызмет құнын 100 пайызға өсіруге өтінім берген. Жергілікті жылыту станциясы тарифті көтеру арқылы әбден тозған желілерін жаңартамыз деп отыр. Ал бұл жұмысқа кем дегенде 2 млрд теңге қажет екен. Себебі, станцияның 55 пайызы ескірген. Алайда, Табиғи монополияларды реттеу департаменті бұл ұсынысты толық қолдап отырған жоқ. Тариф өскен күннің өзінде 20 пайыздан аспайды дейді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу