Мердігерді таңдауда талап күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мердігерді таңдауда талап күшеймек

26.06.2023

Енді мердігерлерді таңдауда оның несие тарихы, соттылығы мен бонкроттығы туралы деректер де ескерілетін болады. Бұл талаптар Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң жобасына енген. Бұған дейін өнім беруші төлеген салығы мен тәжірибесіне қарап таңдалатын. Мәжілісте өткен Қоғамдық палатаның отырысында Қаржы министрінің орынбасары Дәурен Кеңбеил осы заңға икемділік беру, сатып алынатын тауар мен қызметтердің сапасын арттыру, жүйені автоматтандыру жолдары туралы баяндады. Қоғам белсенділері мен депутаттар тендердегі техникалық талаптар мен жұмыс кестесінің сақталмауы, комиссия шешімімен келіспеген мердігерлермен соттасудың кесірінен жұмыстың ұзақ уақыт тоқтап тұруы сынды мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы ережелердің де, түйіткілді тұстары айтылды. Қаржы министрінің орынбасары қойылған сұрақтарға жауап беріп, кей ұсыныстарды ескеруге уәде берді. Заң жобасы қыркүйекте Мәжіліс талқысына беріледі.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу