Мьянма полицейлері 180 миллион доллардың есірткі затын өртеді. Осыған арналған рәсімге жүздеген адам жиналды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жойылған есірткі бүкіл ел аумағынан жыл басынан мамыр айына дейін тәркіленген. Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасына қарағанда, әскерилер бақылауындағы мемлекетте былтыр апиын өндірісі 33 пайызға өскен. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл шаруашылықтың өркендеуіне елдегі саяси және экономикалық тұрақсыздық себепші.
Арыстан Рысбек