Қазақстан мен Қырғызстан су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешуі мүмкін

26.06.2023

Қазақстан мен Қырғызстан су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешуі мүмкін. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Жогорку Кенеш Төрағасы Нұрланбек Шакиевқа қос ел арасындағы су ресурстарын басқару үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.

Қырғызстанда Су кодексі жобасы қабылдаған. Мәулен Әшімбаев заң шығару бойынша, көрші елді тәжірибе алмасуға шақырды. Бұдан бөлек, қос ел арасындағы өңіраралық өзара іс-қимылды арттыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелері талқыланды. Бүгінде Қазақстанның Қырғызстанмен дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толды. Тараптар осы уақытқа дейін әр түрлі сала бойынша, 150-ден астам келісімге қол қойған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біз бауырлас халық екенімізді кездескен сайын айтамыз. Парламент тарапынан да Президенттердің берген тапсырмасын орындау үшін жан-жақты қарым-қатынастарымызды дамытып жатырмыз. Соңғы бір-екі жылдың ішінде парламентаралық қарым-қатынасымыз жаңа серпін алды деп айтсақ артық болмайды.


Хабарламаларға жазылу