«Титаник» кемесін көруге аттанған қайық апатының себебі анықталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Титаник» кемесін көруге аттанған қайық апатының себебі анықталып жатыр

26.06.2023

АҚШ-та сүңгуір қайықтың апатына не себеп болғаны анықталып жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылған.  Жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Могердің айтуынша, қазір айғақтар жиналып жатыр. Осыдан кейін куәгерлерден сұрау жоспарланған. Бастысы – апатқа және бес адамның өліміне не себеп болғанын анықтау.

Еске салайық, Титаник кемесі жатқан жерге бару үшін бортына 5 адам мінген «Титан» өткен дүйсенбіде Атлант мұхитында жоғалып кетті. Кейін сол аймақтан батискафтың сынықтары табылды.

Джон Могер, жағалау күзетінің контр-адмиралы:

Сүңгуір қайықтың бөлшектері табылғаннан кейін іздеу-құтқару жұмысы аяқталды. Жағалау күзеті апаттың себебін анықтау үшін Теңіз кеңесін шақырды. Бар мүмкіндіктерді пайдаланып, мейлінше мұқият жұмыс жүргіземіз.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу