Апта басында Астана аспанын қою түтін басты. Дәрігерлер: «Үйде болыңыздар, себепсіз далаға шықпаңыздар» деп қатаң ескертті. Сөйтсек, қала маңында құрғақ қамыс өртенген екен. Қызығы, былтыр да тура осы маңда ұқсас өрт болған. Осындайда қала ортасындағы Талдыкөлдің суы қажетке жарап қалады.
Осы Кіші Талдыкөл көлдер тобы үшін күрестің жалғасып жатқанына 3 жыл болды. Дау 2020 жылы Алтай Көлгінов елорданы басқарып тұрғанда басталған еді. Сол кезде Талдыкөл маңында құрылыс қарқын алған. Табиғат жанашырлары дереу дабыл қақты. Суретшілер көлдің жағасында сурет салды. Түрлі өнерпаздар қосылды. Актерлар тіпті бақсы болып киініп арнайы қойылым да қойған. Мұның барлығы көлдің жағдайына назар аударту үшін жасалған шаралар еді.
Үлкен Талдыкөл Астананың батысында, ал Кіші Талдыкөл шығысында орналасқан. Экологтар дәл осы екіншісінің тағдыры үшін алаңдаулы. Көлді сақтап қалу неліктен маңызды? Оның айналасына салынған ғимараттарға қандай қауіп төніп тұр? Елдос Есенбол анықтап көрді.
Кіші Талдыкөлдегі қазіргі көрініс осындай. Көл кетіп, шөл қалды.
Лаура Мәлікова, Тәжірибешілер экологтар қауымдастығының төрайымы:
Сол жерде тұратын адамдар көлдің жан-жағынан қойылған насостарды көрген. Ондай насоспен қоятын болса Кіші Талдыкөл түгілі Балқашты да өйтіп құрғатуға болады. Табиғат адамзатқа қарсы тұра алмайды ғой. Табиғаттың ең басты жауы адамзат қой.
Осылайша бір кездегі 600 гектар су алқабы бар Кіші Талдыкөлдің 70 пайызы құрғап қалды, дейді экологтар. Екі жыл бұрын сол кездегі қала құрылысына жауапты Нұрлан Ұранхаев көлдер жүйесіне қатысты былай деген еді.
Кіші Талдыкөл деген көл жоқ. Осы жердің байырғы тұрғындарымен де сөйлестім. Оған қоса 1976 жылы ғарыштан түсірілген сурет те бар. Онда Талдыкөлдің бары айқын көрініп тұр. Ал Кіші Талдыкөл жоқ. Ол жауын-шашын мен тұрып қалған сулардан жиналған көлшік.
Бірақ, мына тарихи карталардан Кіші Талдыкөлдің аумағы анық байқалады. Тек, ол кезде көл жүйесін Үлкен, Кіші деп бөлмеген. Тұтас Талдыкөл деп атаған, дейді мамандар. Кейін жаңбыр суымен толығып су қоры молайған. Кіші Талдыкөл жасының ұзақтығын дәлелдейтін тағы бір фактор мынау.
Теміртас Ысқақов, сәулетші-зерттеуші:
Тарих бойынша осы көлдің жағасында қазақтар орта жүздің арғын тобының алтай темеш деген рулары өмір сүрді. Бірнеше ауыл болған. Рулардың зираттары қалған. Қазір осы Талдыкөлдердің жағасында үш зират қалған.
Яғни, сол кезде халық Талдыкөлдің айналасын мекен қылған. Бұған қалған қыстаулардың ізі де дәлл.
Руслан Оразалиев, қазақстан биоалуандықты сақтау ассоциациясының ғылыми қызметкері:
Бұл көлдер қаланың өкпесі деуге болады. Егер бұларды түбегейлі құрғатып тастайын болса, қаладағы ауа құрғап кетеді. Екіншіден көл ауа температурасын төмендетеді.Салқындатады. Себебі Қазақстан құрғақ дала зонасында орналасқан. Сондықтан қаланың ортасында сулы-батпақты жердің болуы стратегиялық тұрғыдан аса маңызды. Әрі бұл тұщы судың қоры.
Яғни, соңғы жылдары Астанада климаттың өзгеруі де осы Талдыкөлдің құрғап кетуімен байланысты болуы керек. Екіншіден кепкен көл аумағында қарқынды құрылыс жүріп жатқанына да біраз болды. Бірақ, экологтар бұл асығыс шешім дейді. Себебі, қазір қуаңшылық уақыты. Бірақ, бірнеше жылда жер асты суының деңгейі қайта көтерілуі мүмкін. Сол кеде...
Лаура Мәлікова, Тәжірибешілер экологтар қауымдастығының төрайымы:
Қарағандыдағы жағдай сияқты Қарағандыда болды ғой бір үй 5-10 минуттың ішінде құлап қалғаны. Осындай көпқабатты үй. Сондай жағдай болуы мүмкін. Себебі біріншіден жерасты сулары жақын орналасқанн. Екіншіден құмды жерде салып жатыр олар. Қазірдің өзінде сол тұрғын-үйлердің тұрғындары айтады көктемнің кезінде бізде бірінші қабатта сирость болып тұрады, дейді.
Сондықтан бұл маңдағы құрылысты дереу тоқтатып, суды қайтару жұмыстарына көшкен жөн, - дейді мамандар. Әйтпесе Талдыкөл айналасындағы тығыз құрылыстан тек сол жердегі үйлер ғана зардап шекпейді...
Қазір Кіші Талдыкөлдің жан-жағы көпқабатты үй. Жарнамасы жер жарды...
Адина Алтай, қала тұрғыны:
Мына жерде табиғи парк болады деп сатқан-тұғын. Қазір қаншама адам алданды иә? Мына жерде түк те жоқ.
Кіші Талдыкөл 174-тен астам құс түріне мекен болғанын да айта кету керек. Мұнда Қазақстан қызыл кітабына енген қанаттының 10 түрі бар. Және халықарылық табиғатты қорғау ұйымының қызыл тізіміне кірген 12 құстың түрі осыда.
Күләнда Төлебаева, қала тұрғыны:
Өзімнің орысша айтқанда копилкам бар. Архивта 60-тан астам құс бар. Бір аптада бір рет келем. Сонда келгенде бір жаңа құсты тауып алам. Бір жаңа құсты карточкаге түсіремін.
Қазір «Ақиқат» заңгерлер коалициясы Кіші Талдыкөл үшін күресіп жатыр. Іс Жоғары соттың қаруында.
Асқар Қалдыбаев, заңгер:
Қазіргі кезде кіші Талдыкөл көлдерінде 7 участке бар болатын болса соның 1 инстанцияда тек үшеуін қалдыру туралы ғана шешім қабылдады. Екінші инстанцияда тек қана 1-ақ участкені қалдыру туралы шешім қабылдады. Енді бұл дұрыс емес. Егер участкенің жетеуінде су қорғау белдеулері орнат тиіс.
Ал әкімдіктегілер: «Көлді құрғату жұмыстары ешқашан болған жоқ», дейді. Кіші Талдыкөлдің айналасын демалыс аймағы қыламыз деген жобасын тағы бір танытырды.
Сағыныш Сағынтаев, Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы:
2 жоба әзірленді. Біріншісі ол Сығанақ Қазыбек би, Роза Бағланова көшелерінің қиылысында орналасқан 5-ші участокте салынатын болады. Ауданы 30,3 гектар. Екінші реакрациялық аймақ бұл 7 участокте Ұлы дала-Роза Бағланова көшелерінің қиылысында орналасқан.
Бірақ, табиғат жанашылары бұл идеяға күмәнмен қарайды. Себебі табиғи саябақ ашу бастамасын көтергенімізге 10 жыл болды, дейді.
Әрі бұл у-шусыз демалыс алаңы ғана болғанын құп көреді. Мысалы, 1858 жылы құрылған Нью-Йорктегі орталық саябақ екілді.
Руслан Оразалиев, Қазақстан биоалуандықты сақтау ассоциациясының ғылыми қызметкері:
Бұл жобаға инвесторларды араластырмау керек. Өйткені олар бұны коммерциялық жобаға айналдырып жібереді. Аттракцион қойып, ресторан ашып тастайды. Бұл жобаның әу бастағы мақсатына түпкіліті қайшы. Бізде саябақ десе көз алдымызға не елестейді? Қаз-қатар егілген ағаш, тас жол, музыка, тәтті мақта, балмұздақ. Бұл адамдардың табиғатқа келіп демалатын орны блуы керек.
Елдос Есенбол, тілші:
Біз тұрған Кіші Талдыкөлдің 5-ші аймағы. Айналаға қарап, бұл жерде демалыс орны болады дегенге… Сену қиындау…Бұл ретте 1992 жылы Қазақстан БҰҰ конференциясында биоалуандықты сақтау конвенциясына қол қойғанын да еске сала кеткен жөн. Демек, осы құжат аясында өзен-көлін, ондағы алуан түрлі өсімдік пен жәндігіне дейін сақтауға міндетті. Бәлкім, бас қаланың экологиясына ғана емес, имиджіне де нұқсан келіп жатқаны жауапты тұлғаларға көбірек әсер етер?! Өйткені Астана түрлі маңызды әрі ауқымды шаралар үшін таптырмас алаң екені жиі айтылады ғой…
Елдос Есенбол