Шығыс Қазақстанның Шемонайха қаласындағы газ құю стансасында болған жарылыста зардап шеккендер тиісті көмекті алады. Бұл туралы облыс басшысы мәлімдеді. Еске сала кетейін, газ құю стансасында қатты жарылыстан төрт адам жарақат алған еді. Сондай-ақ отқа оранған бес бірдей техниканың күлі көкке ұшты. Зардап шеккендердің төртеуі де қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша қатты күйік шалған екі адамның халі өте ауыр. Ал өзге екеуі хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Жарылыстың себеін құзырлы органдар анықтап жатыр.