Қызылорда облысында жеке балабақшалар бала санын артық көрсетіп, мемлекеттен қаржы алып отырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жеке балабақшалар бала санын артық көрсетіп, мемлекеттен қаржы алып отырған

23.06.2023

Қызылорда облысында жеке балабақшалар бала санын артық көрсетіп, мемлекеттен қаржы алып отырған. Облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы топ өңірдегі 115 бөбекжайға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, өрескел заңсыздықтарды анықтады.

Жалпы тексерілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 8 мың бүлдіршіннің құжаты базаға тіркелген. Бірақ, зерделеу барысында бала саны 2 мыңға кем шыққан. Яғни, балабақшалар жалған дерек енгізіп, мемлекеттен ақша алып келген. Барлық кемшіліктер бойынша хаттамалар толтырылып, құзырлы органға жолданды. Сондықтан, салаға жауапты басқарма мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған топ алдағы уақытта аймақтағы барлық 600 бөбекжайды жіті тексермек.

Ләззат Бақтыбаева, Республикалық «Әділдік Жол» ҚБ өкілі:

«Ақ Ислам» балабақшасына келдік. Зерделеу барысында ғимараттың ішінде 109 бала қызмет алып отыр деп белгіленгенмен небәрі 37 баланың отырғаны анықталды. Одан бөлек 2-қабатта АРТ спорт үйірмесінің қызмет көрсетіп жатқаны анықталды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу