Мәулен Әшімбаев: Ауыл халқының тұрмыс жағдайы қала тұрғындарынан 1,5 есе төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Ауыл халқының тұрмыс жағдайы қала тұрғындарынан 1,5 есе төмен

23.06.2023

Ауыл халқының тұрмыс жағдайы қала тұрғындарынан 1,5 есе төмен. Түркістан және Маңғыстау облыстарында әрбір оныншы адамның табысы ең төменгі жалақыға да жетпейді.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның алғашқы отырысында осылай деді. Оның сөзінше, су ресурстарының жетіспеушілігі де өзекті.

Халық санының өсуіне байланысты алдағы 20 жылда суды тұтыну көлемі тағы 1,5 есеге артады. «Ал Қазақстанда су қазірден тапшы», - дейді Мәулен Әшімбаев. Айта кетейік, парламенттік комиссия құрамына Сенат спикерінен бөлек 9 депутат енген. Комиссияны Мәулен Әшімбаев басқарады, ал Сенат вице-спикері Ольга Перепечина мен Мәжіліс вице-спикері Альберт Рау орынбасары болып сайланды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Басқа салаларда да шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Сондықтан бізге белгіленген орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тың серпін қажет екені анық. Оларды іске асырудың игілігін ең бірінші Қазақстанның халқы көруге тиіс.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу