Қостанай облысында орманға 38 бейнекамера орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында орманға 38 бейнекамера орнатылды

23.06.2023

Қостанай облысында орман өртіне қарсы сақтық шаралары күшейтілді. Былтыр өңірде 40 мың гектар алқап жанып кеткен болатын. Ал биыл орманшылар саны 400 адамға көбейді. 30 трактор, 6 өрт сөндіру көлігі сатып алынды. Сонымен қатар биік мұнараға орман алқабын 24 сағат бақылайтын 38 бейнекамера орнатылды. Бір бейнекамера 20 шақырым аумақты қамти алады. Бәрі диспечерлік пунктпен тікелей байланыста.

Болат Сырғабаев, Өрт сөндіру бөлімінің басшысы:

Өрт болған кезде мониторингте қызыл точка болады. Сонда біліп отырамыз нақты қай жерде өрт болып жатқандығын. Енді мынау камера 360 градусқа айналып тұрады. Орман ағаштарын бәрін көріп, қай жерде жанып жатқанын көріп отырамыз. Бұл жақсы болды бізге.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу