Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады

23.06.2023

Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады. Арнайы жасақтың жедел операциясы өңірге қарасты Құрманғазы ауданында өтті. Олар 4 адамнан құралған қылмыстық топты анықтаған. Күдіктілер аудан жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Тұрғылықты мекен-жайларын тексеру кезінде Ел аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 дана пышақ тәркіленді. Қазір іс қозғалып, тергеу басталды. 


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу