Президент полицейлерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент полицейлерді құттықтады

23.06.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметшілер күні мен Полиция күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Онда «Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін» делінген құттықтау жазбада.  


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу