ШҚО-да газ құю стансиясында қатты жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да газ құю стансиясында қатты жарылыс болды

22.06.2023

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласында газ құю стансиясында қатты жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиғадан екі адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ сол аумақта отқа оранған бес бірдей техниканың күлі көкке ұшты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде оқшаулап, жақын маңайдағы үйлерге және орман қорына таралу қаупін сейілтті. Қазіргі таңда от ошағы толық сөндірілді, мамандар жарылыстың себеп-салдарын анықтауға кірісті.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу