Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталуға жақын. Өтінішті 1-ші шілдеге дейін беріп үлгеру керек. Осыған орай, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимге көшті. Межелі мерзімге дейін өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыру құқығы беріледі. Айта кетейік, науқан басталғалы 165 мың көлік қазақстандық нөмір таққан. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырып жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы