Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды. Үкімет басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Қазақстан елшісі Әлім Байел күтіп алды. Сапар барысында Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі. Әрі Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларын дамыту жайын талқылайды.
Досжан Маратұлы