Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ол шамамен 121 мың теңге. Ал зейнеткерлер саны 2 миллион 300 мыңға таяу. Жыл басынан бері оларға зейнетақы төлеу үшін 1 триллион 300 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Оның 422 миллиарды базалық, 952 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бөлінген.
Досжан Маратұлы