Қазақстандықтар жылу қызметіне көбірек ақша төлейді. Тариф барлық өңірде қымбаттауы мүмкін. Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зеріпбаевтың сөзінше, коммуналдық қызметті өсіру бойынша бүгінде 24 жылыту станциясынан өтініш келген. Атап айтқанда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы және өзге де аймақтар бар. Олар тарифті көтеру арқылы әбден тозған желілерді жаңартып, жұмысшылардың жалақысын көтеруді көздеп отыр. Әр станцияның сұраған тарифі әртүрлі. Комитет әр өтінішті жеке қарастырмақ. Баға бекіту кезінде жергілікті тұрғындардың да пікірі ескеріледі.
Айя Мүтәлі