Ақмола облысында пара алған балық инспекторы сот үкімімен 6 миллион теңге айыппұл арқалады. Ол балықшыларға Зеренді ауданындағы Мырза-көлсор су қоймасына емін-еркін кіріп, тыйым салынған қаруларды қолдануларына рұқсат берген. Бұл үшін ай сайын 20-30 мың теңге көлемінде пара алып отырған. Сотталушының кінәсі сотта толықтай дәлелденіп, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ал пара берген екі балықшыға 2 миллион және 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ұмсындық Наурызбаева