Полиция мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

21.06.2023

Полиция мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады. Қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол ережесін сақтауды және су қоймаларында қауіпсіздік талаптарына аса мән беруге шақырады. Осы аптада ел бойынша «мектеп бітіру кештері» өткізілуде. Оны бақылауға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Патрульдік нарядтар кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылды, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Өйткені алдыңғы жылдары мектеп бітірушілердің катысуымен әр түрлі құқық бұзушылықтар тіркелген. Тіпті қайғылы жағдайлар да орын алғанын еске салды.  


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу