Тунисте келесі аптада басталатын Құрбан Айт қарсаңында қой қымбаттап отыр. Бұған бір жағынан сұраныстың артуы, екіншіден қуаңшылық пен жем-шөп тапшылығынан мал басының азаюы себепші. Былтыр бұл мемлекетте Құрбан айтқа 1 млн 200 мың қой сатылыпты. Ал биыл сол сан 850 мыңға дейін азайып отыр. Осыған байланысты қой бағасы өткен жылмен салыстырғанда 150 динарға өсіп, 900 динарға немесе 290 доллар жетіп отыр.
Арыстан Рысбек