Бүгін экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды. Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрғанда «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған болатын. Астана қаласы нөмірі екінші Байқоңыр аудандық сотында судья Бағлан Ыдырысов үкім шығарды.
Бағлан Ыдырысов, Астана қалалық №2 Байқоңыр аудандық сотының судьясы:
Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Бұл іс бойынша Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан, «Экспонат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Азамат Көшенов және «Экспонат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас бухгалтері Айым Сәдуақасова сот үкімімен жеті жылға сотталды. Үшеуі де мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Азамат Бейбітұлы