Астананың іргесінде кеше басталған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамыстың өртенуін сөндіруде екінші тәулік күрес жүргізуде. Қазір өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртеніп, бықсыған жерлерін сөндіруде. Кешеден бері өртенген жердің аумағы 80 гектарға жеткен. Бүгін 17 рет тікұшақпен су төгілген. Жалпы оқиға орнына 37 бірлік техника, 6 суару машинасы және 185 адамы жұмылдырылған.
Азамат