Президент Астана және Қазақстан митрополитін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астана және Қазақстан митрополитін қабылдады

19.06.2023

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстандағы Православ шіркеуінің мемлекет пен конфессия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ рухани құндылықтар мен дінаралық диалогты ілгерілетуге елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде митрополит Александр Қазақстанды көркейту жолында бейбітшілік пен бірлікті нығайту ісін қолдайтынын жеткізді және Президентке алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген дұға кітабын табыс етті.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу