Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 8 мұғалім анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, барлығы да жұмыстан шығарылды. Ал 1 мұғалім қоғамдық жұмысқа тартылды.
Олар Ақтау қаласындағы және Қарақия ауданындағы арнайы орта білім беру ұйымдарында қызмет еткен. 3 мұғалімге қатысты сот үкімі шықты. Оның біреуі кәсіптік білім беру ұйымында заңсыз құжатпен 2 жыл қатарынан жұмыс істегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа жіберілді. Былтыр аймақта дәл осындай 14 оқиға тіркелген.
Мерген Меңдіғалиев, Облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
Тергеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы біздің бүгінгі айтып отырған мәселе жалған дипломды пайлалану, жасау. Қай жерде жасалғанына байланысты қылмыстық істер шеңберінде құжаттар бөлектенеді. Тергеу жүргізіліп, оған баға беріледі.
Аягөз Оралбайқызы