Израильде сот реформасына қарсы шеру өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде сот реформасына қарсы шеру өтуде

19.06.2023

Израильде ондаған мың адам шеруге шықты. Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың сот реформасына наразы. Мұндай акция бес айдан бері өтіп жатыр. Шерушілердің сөзінше, саясаткерлер Жоғарғы сотты бақылауға алып, оның мүшелерін өздеріне тиімді етіп таңдауға мүмкіндік алмақ. Ел үкіметі мұны жоққа шығарып отыр. Өзгеріс билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін қажет дейді. Ал Нетаньяхудың өзі жемқорлық бойынша тергеліп жатқандықтан сот жүйесі туралы заң жобасын қабылдай алмай отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу