Астанада «Әке – отбасының тірегі» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Әке – отбасының тірегі» фестивалі өтті

19.06.2023

Әке – отбасының тірегі. Астанада осындай атаумен фестиваль өтті. Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт пен балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттап, әкелер рөлінің маңыздылығын көрсету.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Статистикаға сүйенсек, жалпы әкелер отбасында аз уақыт өткізеді екен. Балалардың мектепке апару, сабағы, үйірмесі деген сияқты мәселемен көбіне аналар айналысады екен. Ал бала кішкентай кезден әкені сезініп өсуі керек қамқорлығын. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу