Астанада банк қызметкерлерін кепілге алған жігіт 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Оқыс оқиға кеше болған. 30 жастағы ер адам банктердің бірінің филиалына кіріп, тапаншамен 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізілгенімен нәтеже болмады. Кейін арнайы жасақ шабуыл жасап, қаскөйді қамауға алды. «Адамды кепілге алу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның наркологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Ақша талап етті. Туысқандарына жәрдем көрсетуді талап етті. Мен өзім кіріп сөйлестім.
Досжан Маратұлы