Құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік нышандарды жетілдіруді тапсырды. Оның айтуынша қазір кез келген елдің ықпалды болуына ұлттық брендтің әсері мол. Сондықтан, оның танымалдығын арттыра түсу керек. Ол үшін бірыңғай дизайн-кодты, ортақ стандартты сақтау өте маңызды. Сол үшін нышандарымыз бірегей ұлттық кодымызды нақты әрі айқын көрсетуі керек, деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ассамблея сессиясында еліміздің Геральдика белгілерін жетілдіру қажеттігі туралы айттым. Алдымен аймақтардың және қалалардың таңбасын бірыңғай үлгіге келтіру маңызды. Қазір олардың көбінің мазмұны және пішіні – әркелкі. Соған байланысты қоғамда жиі сын да айтылады. Бұл салаға мұқият талдау жасап, ортақ ұстанымдар әзірлеу қажет. Аймақтық нышандарды әзірлеу және бекіту тәртібін барлық өңірге бірдей етіп, ретке келтірген жөн.