Маңғыстауда мұнай кен орнындағы өрт әлі лаулап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мұнай кен орнындағы өрт әлі лаулап жатыр

16.06.2023

Маңғыстауда «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай кен орнындағы өртті өшіру үшін, жанынан қосымша ұңғыма қазып, қысымды төмендетуге шешім қабылданды.

Ол үшін бір-екі күнде жобалық-сметалық құжат әзірленеді. Айта кетейін, Ақтаудан 277 шақырым жерде орналасқан кен орнында ұңғыманы жөндеу кезінде өрт шықты. Мамандар қызыл жалынды 8 күннен бері ауыздықтай алмай жатыр. Газ-су аралас қоспа үздіксіз атқылап жатқандықтан, диаметрі 25 метрдей терең шұңқыр пайда болып, ұңғыма төмен түсіп кеткен.

Рахман Қаленов, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент директоры:

Бүгін-ертең құжат дайындалатын болса, жаңағы бұрғылау мекемесі өзінің станоктарын, құрал-жабдықтарын сол жақта орналастырып, қазу жұмыстарын бастайды. Қазір былай айтқанда, ұңғы сағасын қандай да бір жабдықпен жауып, или болмаса ауыздықтаймын дейтін мүмкіндік жоқ.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу