Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының формасын отандық дизайнерлер тігеді. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті үздік дизайнға байқау жариялады. Бұл жолы қазақстандық брейк-дансшылар мен скейтбордшыларға басқа форма тігіледі. «Өйткені бұл спорт түрлері субмәдениеттен шыққан және өзіне тән ерекшеліктері бар», - деді министрлік өкілі. Киімде Франция астанасының басты символы Эйфель мұнарасы мен Олимпиада алауын бейнелеу жоспарланған.
Асылбек Данияр