Ауыл оқушылары үшін онлайн сабақ өткізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл оқушылары үшін онлайн сабақ өткізілуі мүмкін

16.06.2023

Ауыл балалары үшін қосымша онлайн сабақтар мен дайындық курстары өткізілуі мүмкін. Жоба әзірленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі бір топ мәжіліс депуттарымен кездесу кезінде айтты. Себебі ауылдағы білім қаладағыдан әлдеқайда төмен екен. «Ауыл» партиясының дерегінше, елімізде ауылда білім алатын 1 жарым млн оқушының 3 жарым мыңға жуығы, яғни 0,3 пайызы ғана дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданған. Ал мұндай мамандандырылған білім ошақтары елдімекенде білім алған оқушылар үшін арнайы жеңілдік те қарастырып отыр. Депутаттар білім деңгейіндегі алшақтықты жою үшін ауылдағы балаларға қосымша онлайн сабақ беру жобасын тез арада ұйымдастыруды ұсынып отыр. Сондай-ақ шалғай елдімекендегі мектептерді интернетке қосу мәселесін көтерді.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі:

Ол үшін ең алдымен интернет мәселесін шешуіміз керек. Цифрлық даму министрлігіне осы ұсыныстарды қоямыз. Әрбір ауданнан әрбір ауылдан шыққан баланы сол мектептен алып, ЖОО-да оқытып, оны қайтадан өз ауылына алып келу мәселесін қарастырамыз.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу