Жүргізушілердің көлік салығы бойынша берешегі 22 миллиард теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүргізушілердің көлік салығы бойынша берешегі 22 миллиард теңгеден асты

16.06.2023

Жүргізушілердің көлік салығы бойынша берешегі 22 миллиард теңгеден асты. Бұл берешек машина үшін салық төлемеген 500 мыңдай адамға тиесілі. Негізі олар бірінші сәуірге дейін салық төлеуі тиіс еді. Енді Мемлекеттік кірістер комитеті қарызы бар жүргізушілерге салық бұйрықтарын жолдамақ. Оны алған соң 5 күнде берешек өтелмесе, іс жеке сот орындаушыларға өтпек. Тіпті рейд жүргізіліп, көліктерді айып тұрағына қою жоспарланған. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу