Қара алтын қайта қымбаттай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара алтын қайта қымбаттай бастады

16.06.2023

Қара алтын қайта қымбаттай бастады. Кешелі бері баға 3 процентке көтеріліп, қазір Брент маркалы мұнай 76 доллардан сатылып жатыр. Құнның көтерілуіне ең ірі тұтынушылардың бірі Қытайдан сұраныстың артуы себеп. Өйткені мұндағы мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс қыза түскен. «Бұдан бөлек АҚШ-та мұнай қорының азайғандығы және доллардың арзандауы бағаға әсер етті», - дейді сарапшылар. Айтуларынша, қара алтын құны тағы көтерілуі мүмкін. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу