Ет өңдеу кәсіпорындары үшін шикізат бағасы тиімсіз – министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ет өңдеу кәсіпорындары үшін шикізат бағасы тиімсіз – министр

16.06.2023

Елдегі ет өңдеу кәсіпорындары шикізатты тиімді бағада ала алмай отыр. Бұл туралы Сенатта өткен үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Қазір елде ет өңдейтін 171 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Азық-түлік өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі ет өнімдерінің үлесі — 16 пайыз. Салқындатылған ет бойынша ішкі нарықты қамтамасыз ету — 117 пайыз, ал шұжық өнімдері — 61 болса, ет консервілері — 26 пайыз болады. Кәсіпорындарға шикізаттың бағасы тиімсіз. Мұны реттеу үшін Қазақстаннан ірі қара, қой мен ешкінің аналық басын экспорттауға тиым салынып отыр. Алайда жалпы алғанда былтыр өңделген еттің экспорт көлемі 24 мың тоннаға жетті. Бұл елдегі соңғы 10 жылдағы ең үлкен көрсеткіш.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бұдан басқа тиімді бағамен берілетін шикізатпен қамтамасыз ету үшін ет өңдеу кәсіпорындарына мұздатылған етті бажсыз әкелуге квота беріліп отыр. Ет саласын дамыту үшін кәсіпорындардың құрылысы мен оны жаңғырту шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидия, несие және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету, асылдандыру жұмыстары мен мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын субсидиялау сияқты барлық шаралар сақталған.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу