Мексикада аптап ыстық. Сынап бағанасы +45 градусты көрсетіп тұр. Ел астанасы Мехикоға да күн қатты ыстық. Мұнда тұрғындар су бұрқақтары мен қолшатырлардың көмегімен ыстықтан қорғануға мәжбүр. Монтеррей қаласында төтенше жағдайлар қызметінің жұмысшылары жаяу жүргіншілерге кесемен суық су таратып жүр. Ауа райын болжаушылардың пайымынша, жоғары температура ел ішінде әлі 15 күнге созылуы мүмкін. Ахуалды ұзаққа созылған қуаңшылық қиындата түскен.
Арай Төлегенқызы