Боливияда қар жауып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда қар жауып жатыр

16.06.2023

Латын Америкасында осы аптада табиғат тосын мінез танытты. Боливияда қар жауып, ауа температурасы 0 градустан төмендеді. Суық елдің ауыл шаруашылығы дамыған оңтүстік өңірлеріне түскен. Плантацияларға мұз қатып, дәнді-дақылға зақым келді. Соя, шарап өндіретін аудандарды да ақ ұлпа басқан. Жергілікті билік қауіптің «қызғылт сары» белгісін жариялап, тұрғындарға абай болуды ескертті.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу