Астанада бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырыс басталды. Алдын ала хабарланғандай, экс-министрге соңғы сөз беріледі. Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұраған еді.
Еске салайық, 2022 жылы мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сот санкциясымен қамауға алынды. Оған «Үндістанда көрме өткізу үшін 111 миллион теңгені заңсыз пайдаланды» деген айып тағылған. Ал арада тоғыз ай өткенде бұл сома 221 миллион теңге болып өзгерді.
Осыған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы оның денсаулығы нашарлағанын айтып, үйқамаққа жіберуді сұраған. Алайда бұл арызын сот қанағаттандырмады.
Айта кетейік, сотталушылар орындығында тағы үш адам бар. Ол Мұхамедиұлының музейдегі орынбасары және экспонат серіктестігінің экс директоры мен бухгалтері. Прокурор оларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Дегенмен, сотталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындаған жоқ.
Шерхан Жамбылұлы