Қазақстандық ғалымдар әлемдік ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев айтты. Аталған институт пен Еуропалык ядролык зерттеулер ұйымының арасында бірлескен меморандумға қол қойылды.
Қазақстандық ғалымдардың әлемдік деңгейдегі CERN эксперименттеріне қатысуы — отандық ғылым үшін үлкен олжа. Сонымен қатарқұжаттың аясында строу-технологияларды игеру біздің ғалымдар үшін ең ірі халықаралық тәжірибелерге жол ашады.
Саябек Сахиев, ҚР Ядролық физика институтының бас директоры:
«NA62» үлкен «mega science» жобасына Қазақстан, яғни Ядролық физика институты Қазақстан атынан келіп, қосылып отыр. Бұл алғашқы қадам ғана. Өйткені бұдан басқа тағыда «ХАЙК» деген жобасы 2028 жылы басталады. Оған біз ұсыныс білдірдік. 120 ұйымының ішінде біз 34 -ші болып тұрмыз. Одан басқа осы CERN-де үш жобамыз бар. Аталған жобаларға біздің жас ғалымдар қатысқалы отыр.
Хоаким Мних, Еуропалық ядролық зерттеу орталығының бөлім директоры:
Біздің ғылыми тәжірибелерімізге Қазақстан және оның Ядролық физика институты қосылды. «NA62» эксперименті «хаос ғылымы» деп аталатын салада сирек кездесетін физикалық зерттеулермен айналысады. Болашақта біз бірлескен жобаларымызды тереңдете аламыз деп үміттенемін.
Ақмаржан