Италияда бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді мемлекеттік деңгейде жерлеу рәсімі өтті. Сол үшін Миланның орталық алаңы мен кафедралдық соборына мыңдаған адам жиналды. Олардың қатарында саясаткерлер, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар мен туған-туыстары, достары болды.
Берлускони маусымның 12-де лейкемиядан 86 жасында дүние салды. Ол көзі тірісінде Италия үкіметін ешқандай саяси тәжірибесіз төрт рет басқарды.
Берлусконидің алып бизнес-империясына ақпарат құралдары, қаржы, құрылыс, кино, спорт салалары мен қуатты партия кіргені белгілі.
Арыстан Рысбек