Астанада Covid-ке ұқсас энтеровирус өршіп тұр. Қалада соңғы күндері жүрегі айнып, іші өтіп, дене қызуы көтерілгендер саны күрт артқан. Бір ауруханаға бір тәулікте дәл осындай белгілері бар кемі 5 адам келеді. Санитар мамандар мұны шомылу маусымының басталуымен байланыстырып отыр. Себебі, вирус лас бассейн, су қоймалары мен су бұрқақтар арқылы тез тарайды. Сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті және өзге де тұмыстық заттарды лас қолмен ұстау арқылы жұғуы мүмкін.
Жыл басынан бері 600-ге жуық адам осындай сырқатпен тіркелген. Оның дені 4 жасқа дейін бала.
Айя Мүтәлі