Мемлекет «Қазақтелекомның» меншігіндегі ірі байланыс операторларының бірін қайтармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет «Қазақтелекомның» меншігіндегі ірі байланыс операторларының бірін қайтармақ

14.06.2023

Мемлекет «Қазақтелекомның» меншігіндегі ірі байланыс операторларының бірін қайтармақ. Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, монополист саналатын ұлттық компания елдегі абонентенттердің 70 пайызына қызмет көрсетеді. Ал мобильді байланыстарын халықтың 60 пайызы қолданады. Қазір Үкімет қазақстандықтар жиі пайдаланатын Теле 2 немесе Кселл операторларының біреуін ұлттық компаниядан ажыратуды көздеп отыр. Жалпы «Қазақтелекомды» демонополизациялау мәселесі бір жылдан бері талқыланып келеді. Алайда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі операторларды бір-бірінен ажырату байланыстың нашарлауына алып келеді дейді. 

Валюта бағамына тоқталайық. Бір күнде қор биржасындағы доллардың бағасы 2 теңгеге дейін қымбаттады. Қазір АҚШ валютасы - 450 теңге, еуро - 486, ал рубль -5 теңге 32 тиын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу