Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат есепшотта АҚШ долларымен жиналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат есепшотта АҚШ долларымен жиналады

14.06.2023

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат есепшотта АҚШ долларымен жиналады. Жинақ бала кәмелетке толғаннан кейін де, яғни 10 жыл бойы сақталады. Егер сол аралықта қолданылмаса қаражат зейнетақы шотына аударылады. Сондай-ақ, бір отбасындағы 18 жасқа толған бірнеше баланың жинағын біріктіріп, баспана алу мақсатында жұмсауға болады. Ал, мүмкіндігі шектеулі балалар 18 жасқа толмай-ақ қаржыны еміне пайдалана беру туралы ұсыныс алдағы уақытта қарастырылмақ. Бұдан бөлек те, ұсыныстар бар.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Бұны жаңа біз енгізген білім беру несиесімен ұштастырсақ сонда жақсы болады. Сонда тиісті мөлшерін ұлттық қордан келген қаражатпен жабады. Оған жетпеген қаражатты мемлекеттен жеңілдетілген несиені алып, оқуға түсіп, оны бітіріп, жұмысқа тұрғаннан кейін бірнеше жыл бөліп төлеуге мүмкіндік алады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу